«Дүние алма-кезек»: Балжан Бидаш әсерлі жазба жариялады

23 мамыр, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне қолдау білдіріп жатқан жандарға алғысын айтты, деп хабарлайды Nur.kz.

Өнер иесі оқырмандарына ақ-қараны ажыратып, жылы сөз жазып жатқан жандарға ризашылығын білдірген.

“Ақ-қарасын ажыратып жазып жатқан жандарға рахмет. Ешкімге ренішім жоқ! Бұл – шешім. Және бұл дүние уақытша екенін ұмытпайық. Дүние алма-кезек Өзімізді жақсы көрейік, басқаларын сыйлайық, барды бағалайық”, – деп жазды Балжан Бидаш.