Атырау облысында қайғылы жағдай болды

Бүгін, 21:47 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 22 мамыр күні Мақат кенті мен Байгетөбе ауылын жалғап тұрған жаяу жүргіншілер көпірінде болған. Әйел көпірден құлап, ауыр жарақат салдарынан көз жұмған.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келгенімен, дәрігерлер зейнеткердің қайтыс болғанын ғана тіркеген.

Атырау облысы полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.