Қытайдың Шаньси провинциясында көмір шахтасында жарылыс болды. Қазіргі уақытта 90 кеншінің қаза тапқаны белгілі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қытайдың орталық телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, Люшэньюй шахтасында жарылыс жұма жергілікті уақыт бойынша сағат 19:29-де (Астана уақытымен 16:29-да) болған. Сол кезде шахтада 247 жұмысшы болған.
Қазіргі кезде оқиға орнына ұлттық тау-кендік құтқару қызметінің алты бригадасы, барлығы 345 адам іздестіру мен құтқару жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтармен бірге жіберілді.
Ал ҚХР төрағасы Си Цзиньпин із-түзсіз жоғалғанды құтқару, жарақат алғандарға көмек беру мен жан-жақты тергеу жүргізу бойынша барлық шараларды атқаруға тапсырма берді. Кінәлі адамдар заң бойынша жауапқа тартылуы қажет.