"Қайраттың" ойыншысы Дастан Сәтпаевқа қатысты қуанышты хабар шықты

22 мамыр, 2026 / Жамбыл Жайлау
Alash.kz коллажы

Англияның әйгілі Chelsea F.C. клубының назарына іліккен жас футболшы Дастан Сәтпаевқа Қазақ спорт және туризм академиясы арнайы академиялық грант табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандық футболдың болашағынан үлкен үміт күттіретін жас талантпен академия президенті Қайрат Закирьянов арнайы кездесіп, спортшыға қолдау көрсетті.

Академия басшылығы бұл қадамды дарынды жастарға жасалған нақты қолдау әрі білім мен спортты қатар дамытуға бағытталған маңызды бастама деп бағалап отыр. Олардың айтуынша, мұндай мүмкіндік жас спортшылардың кәсіби тұрғыдан ғана емес, тұлғалық және академиялық жағынан да өсуіне жол ашады.

"Дастан Сәтпаев бүгінде көптеген жасөспірімге үлгі болып жүр. Оның жетістігі – арманға адалдықтың, тынымсыз еңбектің және ел сенімін ақтаудың айқын дәлелі. Қазақ футболының болашағынан зор үміт күттіретін жас талантқа алдағы уақытта үлкен жеңістер мен биік белестер тілейміз", – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Грант Дастан Сәтпаев