Алматыда үшем қыз дүниеге келді

Бүгін, 22:39 / Жамбыл Жайлау
shutterstock.com

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, №2 перинаталдық орталықта үш қыз бала өмірге келген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін ерлі-зайыптының екі баласы болған. Енді үшемнің дүниеге келуімен отбасы бірден көпбалалы жанұя қатарына қосылды.

Жаңа туған сәбилердің салмағы 1399, 1694 және 1677 грамм болған.

Дүниеге келгеннен кейін нәрестелер жансақтау бөліміне жатқызылып, үш күн бойы дәрігерлердің бақылауында болды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қазір үш қыздың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер сәбилерді анасымен бірге бір палатаға ауыстырған.

Тэгтер:

Алматы