Ғалымдар сұлы ботқасының тағы бір пайдасын анықтады

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Қытайлық ғалымдар сұлы ботқасы қандағы зәр қышқылының деңгейін төмендетуде өзге тағамдық талшық түрлеріне қарағанда тиімдірек екенін анықтады. Зерттеу нәтижелері Food & Function журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зәр қышқылы деңгейінің жоғары бүйрек тастарын түзетін негізгі қауіп факторларының бірі саналады. Осыған байланысты зерттеушілер әртүрлі тағамдық талшық көздерінің бұл көрсеткішке қалай әсер ететінін салыстырған.

Тәжірибеге 99 студент қатысып, олар сегіз аптаға үш топқа бөлінді. Бірінші топ үнемі сұлы ботқасын тұтынған, екінші топ резистентті крахмалы бар күріш жеген, ал үшінші топ қалыпты тамақтану режимін ұстанған. Барлық рациондардың калориясы мен қоректік құрамы шамалас болған.

Нәтижесінде талшыққа бай екі рацион да зәр қышқылының деңгейін төмендеткені анықталды. Алайда сұлы ботқасының әсері әлдеқайда жоғары болған. Орта есеппен көрсеткіш 64,5 микромоль/литрге төмендесе, резистентті крахмал тұтынған топта бұл көрсеткіш 39 микромольді құраған.

Қосымша талдау сұлының әсері ішек микрофлорасындағы өзгерістермен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетті. Сұлы ботқасын жеген адамдарда Dialister тобына жататын бактериялардың саны артқан. Ғалымдардың пікірінше, дәл осы өзгерістер ағзаға зәр қышқылын тиімдірек азайтуға көмектесуі мүмкін.

Тэгтер:

денсаулық пайда сұлы ботқасы