Қостанай облысында су айдынынан қыздың мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.