Алматыда 25 жастағы жігіт жоғалып кетті

Бүгін, 11:26 / Алуа Арман

Алматыда 25 жастағы Ерзат Егізбайды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еріктілердің мәліметінше, 19 мамыр күні шамамен сағат 14:30-да ол Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Райымбек көшесіндегі 147Б үйдің маңындағы құрылыс нысанында орналасқан жұмыс орнынан шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Жоғалған азаматтың белгілері: бойы 165–170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қысқа әрі қара түсті. Жоғалған күні үстінде қара кепка, қоңыр жилет, қоңыр кофта, қара шалбар және қара кроссовка болған.

Еріктілер ер адамның болуы мүмкін жері туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтарды хабарландыруда көрсетілген телефон нөмірлеріне немесе 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласуға шақырады.

Алматы қалалық полиция департаменті жоғалу фактісі бойынша іздестіру ісі қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтап, оны үйіне қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Алматы Жігіт жоғалып кетті