Астана әуежайы жолаушыларға маңызды үндеу жасады

Бүгін, 10:59 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы өкілдері жолаушыларға 22 мамырда жоспарлы оқу-жаттығу өтетінін ескертіп, үндеу жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«22 мамырда сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аумағында авиациялық оқиға кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында әуежайдың авариялық-құтқару қызметі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен, өрт сөндіру бөлімшелерімен, жедел-құтқару жасағымен, Апаттар медицинасы орталығымен, 103 қызметімен және әуе компанияларымен бірлескен әрекеттерді пысықтайды», - делінген хабарламада.

Әуежай өкілдері іс-шара кезінде әуежай аумағында арнайы техника мен жедел қызметтердің жұмысы ұйымдастырылуы мүмкін екенін ескертеді.