Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты балық аулау ережелерін өрескел бұзу фактісі бойынша азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Билікөл» су айдынындағы рейдтік іс-шаралар барысында су шаруашылығы инспекторлары балық аулау ережелерін бұзу фактісін, яғни балық аулаудың тыйым салынған әдісін қолдануды анықтады. Б. ұшы тістелген ұзын таяқшаны (шаңышқы) пайдаланып балық аулады.
Құқық бұзушы кінәні мойындап, балықты дәстүрлі емес жолмен аулағысы келгенін айтты.
Кінәні мойындауды, құқық бұзушылықты бірінші рет жасауды және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.
Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК 383-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.