Атырауда Қуат Хамитов пен драма театртының актрисасына айыппұл салынды

Бүгін, 09:25 / Алуа Арман
видеодан скриншот

23 мамыр күні «Жайық» спорт кешенінде Batyr Fighting Championship ұйымының дебюттік турнирі өтуі тиіс. Кештің басты жекпе-жегі ретінде «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов пен ирандық файтер, поп-ММА-дағы ең көп талқыланатын тұлғалардың бірі Әли Хейбати арасындағы кездесу жарияланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турнир ұйымдастырушыларының Instagram-парақшасында қарсаңында Хамитовты Атырауда қарсы алу сәті түсірілген видео жарияланды. Кадрларда Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрының актрисасы Лашын Нұркенқызы Әбілқайыр хан даңғылы бойымен кетіп бара жатқан көліктің терезесінен шығып, файтерді қарсы алып тұрғаны көрінеді. Ал Қуаттың өзі көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарған.

Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, полицияның да назарын аударды.

Атырау облыстық полиция департаменті құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылғанын хабарлады.

«Тексеру нәтижесінде Toyota Camry автокөлігіндегі 24 және 22 жастағы жолаушылар қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны, сондай-ақ көлік салонынан денесін шығарғаны анықталды. Жіберілген құқық бұзушылықтар үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, аталған заңсыз әрекеттерге жол берген 20 жастағы жүргізуші де жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Mustang автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады полиция.

Тэгтер:

Атырау Қуат Хамитов