Алматыда құтқарушылар 5 жасар баланың 6-қабаттан құлап кетуінің алдын алды. Оқиға кезінде бүлдіршін пәтерде жалғыз болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматының Алатау ауданындағы Мәдениет шағын ауданында орналасқан алты қабатты тұрғын үйде баланың терезеден құлап кету қаупі туған. Бала 6-қабаттағы пәтердің ашық терезесінің жанында тұрған.
Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. ТЖМ қызметкерлері автосатының көмегімен ашық терезе маңында тұрған баланы қауіпсіз жерге алып шықты.
Төтенше жағдай кезінде пәтердің есігі құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған.
Құтқарылған бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды.