Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Ақордада өткен салтанатты шарада ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы өнер иесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әншінің сөзінше, бұл оның Ақордаға алғаш рет келуі екен. Сонымен бірге ол соңғы 25 жылда мемлекет тарапынан алғаш рет осындай марапат алып отырғанын айтты.
Рәсімнен кейін Мақпал Жүнісова Мемлекет басшысына өзінің әндері жинақталған үнтаспаны сыйға тартты. Өнер иесі бұл тартуды өткен жылдардың естелігі әрі ризашылық белгісі ретінде ұсынған.
Әншінің қуанышы, қарапайым сөзі мен шынайы көңілі әлеуметтік желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды.