Таза Қазақстан: Қарағандыдағы экосаябаққа 2 мыңға жуық көшет отырғызылды

Бүгін, 18:49 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Қарағандының Оңтүстік Шығыс аумағы мен «Көгілдір тоғандар» шағын ауданы аралығында ауқымды экосаябақтың алғашқы көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бастаған қоғам белсенділері, қалалық мекеме-ұйым қызметкерлері, жігерлі жастар өткен аптада болашақ баққа 2 000-ға жуық емен, қарағай, терек көшеттерін отырғызып, «Таза Қазақстан» естелік тасын орнатты. Бұл игі жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қоғамды игілік жолына бастаған «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл жай ғана саябақ емес. 

«AMANAT» партиясы бұл бастамаға қызу қолдау көрсетіп, алдағы сенбі күні тағы да жүздеген түп тал көшеттері мен жеміс ағаштарын егуді жоспарлап отыр.