Ұлттық ұлан сарбаздары еркін күрестен Қазақстан Кубогінде жүлдегер атанды

Бүгін, 17:28 / Алуа Арман

Алматыда еркін күрестен Қазақстан Кубогі өтті, оған еліміздің мықты спортшылары қатысты. Қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің спорттық командасынан жеті әскери қызметкер бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұландықтар жеке біріншілікте бірқатар жүлделі орындарға ие болып, жоғары дайындық деңгейін, мығым рух пен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған аға лейтенант Азамат Дәулетбеков турнир жеңімпазы атанды. Ефрейтор Санжар Досжанов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанып, команда қоржынына тағы бір "алтын" әкелді.

Ефрейтор Асыл Айтақын 61 келіге дейінгі санаттағы күміс медальді жеңіп алды. 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейтор Әкежан Айтбеков, 86 келіге дейінгі санатта ефрейтор Болат Сақаев жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

Ұландықтардың республикалық турнирдегі жоғары нәтижелері құқықтық тәртіп әскерінде спорттық дайындықтың жоғары екенін және жоспарлы жаттығу жұмыстарының, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби-физикалық қабілеттерін жетілдірудің нәтижесін көрсетті.

 

Тэгтер:

Еркін күрес Ұлттық ұлан сарбаз Қазақстан кубогі