Биржада доллар бағасы арзандап жатыр

Бүгін, 16:52 / Алуа Арман
istockphoto.com

KASE қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 471,45 теңгені құрап, 0,54 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкі 21 мамырға белгілеген доллардың ресми бағамы — 471,77 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы — 470,89 теңге, ал сату бағамы — 472,79 теңге. Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 468 теңгеден сатып алып, 475 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 471,2 теңгеден сатып алып, 473,2 теңгеден сатуда.

Еске салсақ, 13 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,44 теңгеге өскен болатын. 14 мамырда 6,18 теңгеге көтерілді, 15 мамырда 3,87 теңгеге төмендеді, 18 мамырда 2,34 теңгеге арзандады, 19 мамырда 4,24 теңгеге өсті, ал 20 мамырда 0,32 теңгеге төмендеген еді.

 

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор