Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Республикалық бәйге федерациясы, Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы мен «NAK» құрылыс компаниясының ұйымдастыруымен 7 маусым күні қасиетті Құрбан айт мерекесі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай кең көлемді республикалық бәйге турнирі өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, шабандоздар «Қазанат» атшабарында бақ сынамақ. Бұл – бабалардан мирас болған бәйге өнерінің бүгінгі ұрпаққа жалғасқан жарқын көрінісі, ұлттық рухтың жаңғырығы. Жарыс барысында сәйгүліктер бірнеше қашықтықта сынға түседі:
9 шақырымдық «құнан» бәйге
• 1 орын – 3 000 000 теңге;
• 2 орын – 1 500 000 теңге;
• 3 орын – 700 000 теңге.
16 шақырымдық «топ» бәйге
• 1 орын – «Changan» автокөлігі;
• 2 орын – 3 000 000 теңге;
• 3 орын – 1 000 000 теңге.
25 шақырымдық «аламан» бәйге
• 1 орын – 1 бөлмелі пәтер;
• 2 орын – «Changan» автокөлігі;
• 3 орын – 2 000 000 теңге;
• 4 орын – 700 000 теңге;
• 5 орын – 300 000 теңге.
7 маусым күні сағат 11:00-де ұлттық рухты асқақтататын дүбірлі бәйгенің салтанатты ашылуы өтеді.
Жүйрік тұлпарлар мен шабандоздарды тіркеу 6 маусым күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Аламан бәйгеге қатысу жарнасы – 70 мың теңге, топ бәйгеге 50 мың теңге, ал құнан бәйгеге 30 мың теңге белгіленді. Жиналған қаражаттың барлығы игі мұратқа, қайырымдылық жолына жұмсалады.