Елімізде ірімшік пен сүзбе өндірісі 38,8 пайызға өсті

Бүгін, 12:33 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбе өндірісі 38,8 пайызға өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар-наурыз айларында 15,3 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілген, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 мың тоннаға көп.

Сонымен қатар импорт көлемінің төмендеуі байқалады: ол 10,1% азайып, 9,4 мың тоннаны құрады (2025 жылдың қаңтар-наурызында бұл көрсеткіш 10,5 мың тонна болған). Импорттық өнімнің үлесі жалпы ресурстар көлемінің 38,2% құрайды.

Экспорт 20,2% қысқарған. 2026 жылдың алғашқы үш айында 382,2 тонна ірімшік пен сүзбе экспортталды.

Аталған кезеңде ішкі нарықтағы сатылым көлемі 24,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7% өскен.