Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі

Бүгін, 12:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне cайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады. Заң жобаларының негізгі мақсаты – сайлау өткізу рәсімдерін жетілдіру және сайлау заңнамасының сақталуын күшейту, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түзетулермен кандидаттардың сайлау қорларынан бөлек қаржыландыруды тартқаны немесе сайлау қорынан төленбеген өзге де материалдық көмекті алғаны үшін жауаптылығы енгізіледі.

Түзетулердің жекелеген блогы конституциялық реформаны іске асыруға байланысты. Нормалар бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуына байланысты өзгерістерге сәйкес келтіріледі, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты конституциялық нормалар ескеріледі.

 

 

 

Тэгтер:

Мәжіліс сайлау заңнама