Қарағандыда Үндістаннан келген студент 5-қабаттан құлап, мерт болды

Бүгін, 11:48 / Алуа Арман
gov.kz

Үндістанның 21 жастағы азаматы Қарағанды медициналық университетінде оқып жүрген. 17 наурыз күні жатақхананың бесінші қабатынан құлап, көз жұмған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның мәйіті Отанына жеткізілген. Полиция бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп отыр.

«21 жастағы студенттің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Жиналған материалдар мен сараптамалар қорытындысы бойынша қылмыстық іс қысқартылды», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Қарағанды студент үндістан