Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын бақылау тиімділігіне талдау жүргізу барысында «Шығыс Жол» ЖШС-нің корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеуден жалтарғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Берешектің бар екеніне қарамастан, фискалдық орган бұл қаражатты мәжбүрлеп өндіру бойынша уақтылы және толық шаралар қабылдамаған. Мемлекет алдындағы жинақталған берешек сомасы 39 млн теңгені құрады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша «Шығыс Жол» ЖШС-нің салық берешегі толығымен өтелді. Сонымен қатар, өндіріп алу бойынша дер кезінде шара қолданбаған салық органының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылды.