Абай облысында бейіт басына барған зейнеткер жоғалып кеткен

Бүгін, 10:57 / Алуа Арман
Абай облысының Полиция департаменті

Абай облысының полицейлері 68 жастағы әйелді дронмен іздеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зейнеткер отбасымен бірге бейіт басына барған. Алайда мазар басына барған соң жақындары зейнеткерден көз жазып қалған. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмаған соң полицияға хабарласқан.

«Оқиға орнына келген полицейлер дромен маңайды шолып шықты. Алайда зейнеткерді мазар маңайынан таба алмады», - делінген хабарламада.

Кейін қарияның жол бойына шығып, көліктердің бірімен қалаға кеткенін анықтаған. Телефон деректері арқылы қай жерде жүрген жерін тапқан.

Қазір қарияның өміріне қауіп жоқ.

Тэгтер:

Абай облысы зейнеткер қария