«Орал – Атырау» тасжолында жөндеу жұмысы басталды

Бүгін, 10:36 / Інжу Әлихан
ҚазАвтоЖол

Атырау мен Оралды жалғайтын республикалық маңызы бар тасжолда көптен күткен жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, жүргізушілер жылдар бойы өңірдегі ең күрделі бағыттардың бірі деп атап келген жолдың тозығы жеткен бөліктері кезең-кезеңімен жаңартылмақ.

Қазір Батыс Қазақстан облысы аумағындағы жұмыстар қарқынды. Ал өңірдегі жол учаскелері келесі аптадан бастап жаңартылмақ.