Алматы қаласында жекеменшік клиникалардың бірінде 53 жастағы тұрғынның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.