Салық кодексіне Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуына байланысты түзетулер енгізіледі

Бүгін, 10:19 / Алуа Арман
Мәжілістің баспасөз қызметі

Бүгін депутаттар Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәжіліс Парламент депутаттары бастамашы болған Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер Конституция мен «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заң нормаларын іске асыруға бағытталған.

Құжат аясында  Салық кодексіне бір палаталы Парламент – Құрылтайды құруға, Қазақстан Халық Кеңесін құруға, сондай-ақ конституциялық заңнан ұқсас норманың алып тасталуына, азаматтардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жіберу кезіндегі мемлекеттік баждарды алып тастауға байланысты өзгерістер енгізіліп отыр.

Заң жобасында сондай-ақ құқықтық реттеудің мәнін өзгертпей, жекелеген нормалардың редакциясын техникалық тұрғыдан нақтылау және біріздендіру көзделген. Атап айтқанда, «шетелдік» терминін «шетелдік азамат» ұғымымен алмастыру, «тенге» сөзін «теңге» нұсқасына келтіру, сондай-ақ аумақ атауларын көрсету тәртібін астанаға басымдық бере отырып реттеу ұсынылды.

Бұдан бөлек, салық заңнамасындағы институционалдық атауларды жаңа конституциялық модельге сәйкес келтіру қарастырылған.

 

Тэгтер:

Мәжіліс Заң жобасы Салық кодексі