ТЖМ құтқарушылары таудағы ерлі-зайыптыларға көмекке келді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы "Пионерлер шыңы" аумағында құтқарушылар екі туристі эвакуациялау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Белгілі болғандай, таңертең саяхатшылар тауға көтерілген. Алайда түсу кезінде ер адам аяғын сындырып алып, екеуі өздігінен төмен түсе алмаған.