Қызылорда облысында құтқарушылар кәріз құдығына құлаған түйені шығарып алды (ВИДЕО)

Бүгін, 22:16 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Арал ауданында құтқарушылар кәріз құдығына құлап кеткен түйені аман алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға тұрғын үйлердің бірінің маңында болған. Түйе құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама шұғыл қызметтерге түскеннен кейін құтқарушылар бірден оқиға орнына жеткен.

"Арнайы техника мен жабдықтардың көмегімен құтқарушылар операция жүргізіп, жануарды абайлап жер бетіне көтерді. Түйе сәтті шығарылды, зардап шеккен жоқ", – деп хабарлады ведомство.

ТЖМ өкілдері құтқарушылар кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге және түрлі жағдайда көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Тэгтер:

Қызылорда облысы түйе