Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қатысты қуанышты хабар шықты

Бүгін, 21:36 / Жамбыл Жайлау
olympic.kz. Суретте: Елдос Сметов

Қазақстандық дзюдошы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысатын ұлттық құрама сапына енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

60 келі салмақта өнер көрсететін Елдос Сметов 2026 жылғы Циндао Гран-приінде Қазақстан намысын қорғайды. Бұл жарыс спортшы үшін ұзақ үзілістен кейінгі маңызды халықаралық турнирлердің бірі болмақ.

Ерлер құрамасында Сметовтен бөлек, әртүрлі салмақ дәрежесінде тағы 10 қазақстандық дзюдошы бақ сынайды. Ал әйелдер құрамасынан 10 спортшы татамиге шығады. Олардың арасында Қазақстан дзюдошылары арасында рейтингте көш бастап тұрған Әбиба Әбужақынова да бар.

Циндао Гран-приіне қатысатын Қазақстан құрамасы:

Ерлер құрамасы:

Әйелдер құрамасы:

Айта кетейік, Елдос Сметов соңғы рет 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында татамиге шығып, алтын медаль жеңіп алған еді. Содан кейін спортшы біраз уақыт жарыстардан тыс қалды. Ол шетелде болып, ағылшын тілін меңгерді, кейін иық буынына ота жасатты.

2025 жылдың соңында Сметов жаттығуын қайта бастағанымен, содан бері ұлттық құрама сапында ресми жарыстарға қатыспаған болатын. Циндаодағы Гран-при оның үлкен спортқа қайта оралуындағы маңызды кезеңге айналмақ.

Тэгтер:

дзюдо Елдос Сметов