Көлік ішінен отшашу атқан азаматқа айыппұл салынды

Бүгін, 16:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында құқық бұзушы У-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта анықталғандай, 2026 жылғы 10 мамырда, сағат 01:19 шамасында азамат У. Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы және Шамелов көшелері қиылысында «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігінен от шашу атып, пиротехникалық бұйымдарды қолданған.

У.-дың әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және т.б. материалдармен расталады.

Сотта У.-дың жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот У.-ды ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, У.-дың құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын ескере отырып, оған 86 500 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасын қолданды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Айыппұл Атырау Отшашу