Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Таиландтағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 12:26 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан үстел теннисінен Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

U13 жас санатында Жәния Бекмұхамбетова қола медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында қазақстандық спортшы Фаннапат Чингсоньоенді (Таиланд) 3:0, Чен Этельді (Сингапур) 3:0, Мао Хлоуды (Сингапур) 3:0 және Асахи Кавагучиді (Жапония) 3:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Жәния Малайзия өкілі Анг Чжи Юйден 1:3 есебімен жеңіліп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған еді.

Тэгтер:

Турнир қола медаль үстел теннисі Жәния Бекмұхамбетова