Маңғыстауда экологиялық заңнаманы бұзған компанияға 474 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін, 11:58 / Алуа Арман
istockphoto.com

Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасымен экологиялық заңнаманың елеулі бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, «Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай арттырған (бұрғылау қалдықтарының көлемі 513,2 тоннаға артық болған). 

Прокуратура актісінің негізінде аталған компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 474 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Тэгтер:

Айыппұл экология Маңғыстау