Атырауда шенеуніктер инвесторларды заңсыз жауапқа тартқан

Бүгін, 10:14 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атырау облысының прокуратурасы инвесторларды тиісті келісімсіз әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заңнамаға сәйкес, инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан инвесторларға қатысты әкімшілік іс қозғау тек прокурордың келісімімен ғана мүмкін болады.

Осыған қарамастан, полиция департаменті көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жалпы сомасы 39,6 млрд теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асырып жатқан екі инвесторды тиісті келісімсіз әкімшілік жауаптылыққа тартқан.

Прокурорлық қадағалау актісімен инвесторлардың құқықтары толық көлемде қалпына келтіріліп, заңсыз қаулылардың күші жойылды, ал кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының инвесторлар жұмысына заңсыз араласу фактілерін болдырмау мақсатында жүргізілетін қызметіне мониторинг жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Атырау облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқықтарының бұзылуына тап болған инвесторларды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырады: 8 (701) 066-77-22, 8 (778) 555-77-24 немесе 115Call-орталығына.

Тэгтер:

Атырау инвестор жауапқа тарту