Қарағандылық келіншек әріптесінің 5 млн теңгелік алтын әшекейлерін ұрлап кеткен

Бүгін, 09:41 / Алуа Арман
Фото: Pixabay.com

Қарағандыда шамамен 5 миллион теңге тұратын алтын әшекейлерді ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға жергілікті ұйымдардың бірінде болған. 52 жастағы әйелдің зергерлік бұйымдары жоғалып кеткен. Жәбірленуші Киров полиция бөліміне арызданған.

Жедел іс-шаралар барысында күдік 44 жастағы қызметкерге түсті. Оның бағалы заттарға қол жеткізу мүмкіндігі болған.

«Күдік 44 жастағы қызметкерге түсті. Оның бағалы заттарға қол жеткізу мүмкіндігі болған. Ұсталған әйел кінәсін толық мойындап, ұрланған әшекейлердің барлығын қайтарды», – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Тэгтер:

Қарағанды алтын Ұрлау әшекей