Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы аяқтаудың маңыздылығына тоқталып, өңір әкімдіктеріне жаңа әуежайлардың белгіленген мерзімде пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдіктері белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, Катонқарағай, Зайсан, Кендірлі және Арқалық әуежайларын биыл уақтылы пайдалануға берсін, сондай-ақ Павлодардағы әуежайды жаңғырту жұмыстарын аяқтасын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Көлік министрлігі әуе компанияларымен және әуежай қызметтерімен бірлесіп, өсіп келе жатқан жолаушылар ағынына сапалы, жайлы әрі жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізуі қажет.
Жалпы үйлестіру жұмысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.