Дастан Сәтпаев “Қайраттағы” соңғы матчын қашан өткізетіні белгілі болды

Бүгін, 22:21 / Жамбыл Жайлау
Данияр Ахметов / "Қайрат" футбол клубы. Суретте: Дастан Сәтпаев

Қазақстандық футболда тарихи трансфер жүзеге асуға жақын. "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың лондондық "Челси клубына ауысуы отандық футбол үшін ерекше оқиға болмақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәліметке сүйенсек, футболшының алматылық клуб сапындағы соңғы кездесуі маусым айына жоспарланған. Дастан Сәтпаев "Қайрат" жейдесіндегі қоштасу матчын 17 маусым күні “Қызылжарға” қарсы өткізеді.

Бұл ойын жанкүйерлер үшін қарапайым кездесу ғана емес, қазақстандық жас футболшыны Еуропаның жетекші клубтарының біріне шығарып салу сәті болмақ.

Бұған дейін "Челсидің" жаңа бас бапкері 1 шілдеден бастап қызметіне кірісетіні айтылған. Осыдан кейін команда маусым алдындағы дайындықты бастап, жаңа ойыншылармен жұмыс жүргізеді деп күтілуде.

Тэгтер:

Қайрат Челси Дастан Сәтпаев