"Отбасыма араласып, ажырастырды": Сәрсемалиев өмір бойы түрмеде отыруға дайын екенін айтты

Бүгін, 21:31 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиев сотта өзіне тағылған айыпты мойындап, жасаған әрекеті үшін кез келген жазаға, соның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айыруға да дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айыпталушының айтуынша, қылмысқа ұзаққа созылған отбасылық жанжал мен психологиялық қысым себеп болған. Ол жұбайының туыстары олардың отбасылық өміріне араласып, әйелін өзінен алыстатқанын айтты.

"Отбасыма араласып, әйеліммен ортамызға түсіп ажырастырды. Сонда да біз бөлінгіміз келмей бірге тұра бердік. Қайта-қайта қоқан-лоқы көрсетіп, отбасыма араласуын тоқтатқан жоқ. Әйелімді тартып алып, "саған да жоқ, әке-шешеңе де жоқ" деп балаларыммен бопсалауы осындай қылмысқа итермеледі. Ар-намысыма тиді, соңғы уақытқа дейін отбасымды толықтай сақтап қалуға әрекет жасадым", – деді Сәрсемалиев.

Оның сөзінше, ол балаларын анасынан да, әкесінен де айырғысы келмеген. Алайда жиналған жағдайлар өзін ауыр психологиялық күйге түсіргенін айтты.

"Олардың іс-әрекеттері, сөздері мені ақылымнан алжастырып, жүйкемді жұқартып, адами болмысымды күйретіп жіберді. Сосын осындай қылмысқа бардым", – деді ол.

Сәрсемалиев жасаған қылмысын мойындайтынын және сот қандай жаза тағайындаса да, оны көтеруге дайын екенін жеткізді.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы