Қауіпсіздік - бірінші орында
Қауіпсіздік - бірінші орында
Алматыдан Ақтауға ұшып шыққан ұшақтан ақау шығып, Airbus А320neo лайнері Алматы әуежайына қайта қонуына тура келді. Кейін белгілі болғандай, ақау қозғалтқыштағы май деңгейі индикациясынан туындаған. Енді ұшақ техникалық тексерістен өтеді, деп хабарлады «Эйр Астананың» баспасөз қызметі.
Соңғы 2 айда ақау шыққан ұшақтардың саны осымен алтыға жетті. Енді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Бас көлік прокуратурасымен бірлесе мән-жайды анықтайтын болады.
Тілек Әбдірахимов, Air Astana корпоративтік коммуникациялар менеджері:
- Ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонды. Бүгінгі таңда «Эйр Астана» компаниясы ұшақты толық тексерістен өткізіп жатыр. Борттағы жолаушылар тегіс аман. Олар басқа бортқа ауыстырылды. Біздің компания үшін қауіпсіздік бірінші орында. Қолайсыз жағдай үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз.