Қытайда жер сілкінді: Қаза тапқандар мен жоғалғандар бар

Бүгін, 11:28 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Табиғи апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Жерасты дүмпулері дүйсенбіге қараған түні Лючжоу қаласында тіркелген. Төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жедел штаб мәліметінше, аймақта екі адамның қаза тапқаны расталды.

Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан қираулар болғаны хабарланды. Құтқару қызметтері зардап шеккен аудандарда жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тэгтер:

Қытай жер сілкінді