Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бақытжан Өміртайұлы 1984 жылы туған.
Әр жылдары Сәтбаев қалалық мәдени сауық орталығының директоры, Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары, Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті Талдау және жоспарлау басқармасының басшысы, ҚР Энергетика министрлігі Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті цифрландыру басқармасының басшысы, ҚР Энергетика министрлігі Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті ақпараттандыру басқармасының басқарма басшысы, ҚР Энергетика министрлігі Заң қызметі департаменті нормативтік құқықтық актілерді сараптау және мониторингі басқармасының бас сарапшысы, ҚР Энергетика министрлігі Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті ақпараттандыру басқармасының басшысы, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы болған.