Шығыс Қазақстанда 17,7 млн теңге тұратын жер телімі мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 09:48 / Алуа Арман
istockphoto.com

ШҚО прокуратурасы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілерін анықтады. 

Жалға алушылардың шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жерлерді бір жыл бойы өз мақсатында пайдаланбағаны анықталды. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 2092,6 га, кадастрлық құны 17,7 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. 

Жер ресурстарының нысаналы пайдаланылуы мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Тэгтер:

Шығыс Қазақстан жер телімі