Қазақстандық оқушылар Халықаралық философия олимпиадасында марапатқа ие болды

Бүгін, 09:02 / Інжу Әлихан
Оқу-ағарту министрлігі

14-17 мамыр аралығында Варшава қаласында 10-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық философия олимпиадасы өтті. Биылғы білім бәйгесіне әлемнің 50-ден астам елінен 118 оқушы қатысып, өзара бақ сынады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Халықаралық дода қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері құрмет грамоталарымен марапатталды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназиясының 11-сынып оқушысы Евгения Шатохина мен «Алматы-Медеу» Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сәкен Заңғар ел мерейін үстем етті.

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар аталған олимпиада тарихында алғаш рет марапатқа ие болып отыр. Бұл – еліміздің жас зияткерлерінің философиялық ойлау мәдениеті мен білім деңгейінің қалыптасқанының айқын көрінісі.