Батыс Қазақстан облысында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған «Заңсыз мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Екі күн ішінде полиция қызметкерлері 79 айыппұл хаттамасын толтырған. Оның ішінде:
56 дерек шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуына қатысты;
20 дерек шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуына байланысты;
3 дерек шетелдік жұмыс күшін және еңбек мигранттарын заң талаптарын бұза отырып тарту фактісі бойынша тіркелген.
Ведомство мәліметінше, заңсыз миграция арналарын анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.
Полиция көші-қон саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады, – деп мәлімдеді ІІМ.