Астанадағы қиылыстардың бірі түнде жабық болады

Бүгін, 16:15 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қала қиылыстарының бірі 17-18 мамыр аралығында жабық болады, деп хабарлайды turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана әкімдігінің Telegram арнасында жария болған ақпаратқа сәйкес, Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысы уақытша толық жабылады.

"Шектеулер 17 мамыр сағат 16:00-ден 18 мамыр сағат 09:00-ге дейін енгізіледі. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.