«Қабырғаңды алдырдың ба?»: Индира Елемес сырт келбеті туралы сынға жауап берді

Бүгін, 12:56 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Танымал әнші Индира Елемес соңғы видеосынан кейін желі қолданушыларын алаңдатып қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде өнер иесінің қатты жүдеп кеткен видеосы таралып, көпшілік оның сырт келбетіне қатысты түрлі пікір білдірген.

Желі қолданушылары әншінің бірден қыпша бел болып шыға келгенін байқап, «қабырғасын алдырған» деген болжам жасай бастаған. Алайда әншінің өзі бұл әңгімеге жауап беріп, ешқандай қабырға алдырмағанын айтты.

«Қабырғаны алдыру дегенді мен бірінші рет естіп жатырмын. Бірақ маған “неше қабырғаңды алдырдың?” деген сұрақтар келіп жатыр. Мен Liposuction 360 жасаттым. Ішім мен арқамнан май алынды. Нәтижесі әлі алда. Қабырғасын алдырған адам 15 күнде бұлай жүре ала ма?» – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол өзіне операция жасаған маманға алғысын білдіріп, бұл өзгерісті саналы түрде таңдағанын жеткізді.

Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әншінің жаңа образын қолдап жатса, енді бірі оның бұрынғы дене бітімі табиғи әрі тартымды болғанын жазған.