Кітап оқу мәдениеті – ұлт сапасының көрсеткіші

Бүгін, 09:29 / Нұрлан Әлинұр

Кез келген дүниенің түбінде,артында, айналасында кітап тұр. Біздегі мазасыздық – бостық, қуыс кеуде, ойсыздық. Рухани аштық. Ол болмау үшін оқу керек. Оқысаң ой қорытасың. Пайымдай аласың. 

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы осы мәселені шешуге бағытталған нақты құжат.Осы тарихи құжатқа сай, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін бірыңғай қолжетімді Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру және «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заң жобасын әзірлеу тапсырылды.

Мемлекет басшысының бұл стратегиялық бастамасы – мемлекеттік деңгейдегі маңызды бетбұрыс. Алайда, бұл ұсыныстардың нәтижелі болып, жүзеге асуы үшін баршамыз жұмыла үлес қосып, зерделі ұлт қалыптастыру жолында бірге әрекет етуіміз қажет.

Ғазиза ҚҰДАЙБЕРГЕН, 
ҚР Ұлттық кітапханасы директоры