«Қазгидромет» РМК бүгін, 17 мамыр күні еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасатынын хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматы қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа сапасының нашарлауы күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді табиғи құбылыстардың жиынтығы. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және ауа инверсиясы жатады.
Мамандар мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.
Осыған байланысты тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе балалар мен созылмалы ауруы бар адамдарға сақтық шараларын күшейтуге кеңес беріледі.