Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді

Бүгін, 11:13 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді.

Үкімет қаулысына сәйкес, гуманитарлық көмекті жөнелтуді Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және KazAID халықаралық даму агенттігі бірлесіп ұйымдастырды.

Көмек азық-түлік пен дәрі-дәрмек ретінде көрсетілді.

Жүк Иранның Қызыл жарты ай қоғамына тапсырылады.