Ердоған өзі мінген көлікті тоқтатып, Түркістан халқымен суретке түсті (ВИДЕО)

Бүгін, 21:07 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркістанға сапары кезінде жол жиегінде тұрған тұрғындарды көріп, кортежін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркістан облысы әкімдігі Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне бара жатқан Түркия басшысын жергілікті тұрғындардың қалай қарсы алғаны бейнеленген видеоны жариялады.

Әкімдік мәліметінше, Режеп Тайип Ердоған жол бойында қол бұлғап тұрған түркістандықтарды байқап, көлігін тоқтатқан. Ол тұрғындармен амандасып, жылы ілтипат білдіріп, естелік суретке түскен.

Бұл сәт әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударып, Түркия президентінің тұрғындарға көрсеткен ықыласы ретінде бағаланды.

Тэгтер:

Түркістан Режеп Тайип Ердоған