Продюсер Баян Мақсатқызы қыздарының ерте жастан дамуына ерекше көңіл бөліп жүргенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасында кішкентай қыздарының Монтессори әдісі бойынша білім алып жатқанын көрсетті. Баянның сөзінше, бүлдіршіндері қазір бір жас сегіз айға толған.
"Монтессори жүйесі бойынша білім алып жатырмыз! Маған әртүрлі жастағы балаларға арналған бұл білім беру әдісі қатты ұнайды. Қазір қыздарым бір жас сегіз айда. Дәл осы кезең – баланы бақытты әрі өз бетінше әрекет етуге үйретуді бастайтын уақыт", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары продюсердің бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, қыздарының дамуына ерте жастан көңіл бөліп жүргенін атап өтті. Жазба көпшіліктің қызығушылығын тудырып, қысқа уақыт ішінде ондаған мың лайк жинады.