Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінІң қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Түркістан декларациясына қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бейресми саммитте Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі төрағасы, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Кеңестің байқаушысы, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Туфан Эрхюрман, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.